Ауысымдық персонал · қонақүйлер, мейрамханалар, сауда

Ауысымға кім шыққанын, неше сағат жұмыс істегенін көресіз

Ауысым жариялайсыз — нысанға серіктес кадр агенттіктерінің тексерілген орындаушылары келеді. Келу мен кету нысанның өзінде белгіленеді, сондықтан есеп пен шотқа ауысымнан кейін айтылған сөз емес, нақты сағаттар түседі.

Алматы. Басқа қалалар — сұраныс бойынша.

Ең бастысы қысқаша

Нысанда кім бар — көрініп тұр

Кім жұмысқа кірісті, кім кешігуде, кім жоқ. Кешке емес, дәл қазір.

Тексерілгендер келеді

Жеке басы мен жұмысқа жіберілуі ауысымға шықпай тұрып расталған.

Сағаттар бақылауда

Ерте кетіп қалса — мұны көресіз және қандай көлемді қабылдайтыныңызды өзіңіз растайсыз.

Ауысым

Өтінімнен жабылған кезеңге дейін

Төрт қадам. Үшеуін платформа сіздің қатысуыңызсыз жасайды.

1-қадам

Ауысым құрасыз

Мамандық, нысан, күн мен уақыт, адам саны және класс. Сағат бағасы ауысымды жарияламай тұрып белгілі болады.

2-қадам

Ауысымды орындаушылар алады

Өтінімді серіктес агенттіктердің тексерілген адамдары жабады. Өтінім жабылмаса, мұны кабинетте бірден көресіз — ешкімге қоңырау шалмайсыз.

3-қадам

Ауысымды нақты уақытта көресіз

Орындаушылар нысанда белгіленеді: кабинетте кім келгені, сағат нешеде және кім әлі жұмыста екені көрінеді.

4-қадам

Кезеңді жабасыз

Ауысымдардағы сағаттар акті мен шоттағы жолдарға айналады. Сағат есебін қолмен жинап, сандарды салыстырудың қажеті жоқ.

Міндеттер

Сізге енді бас ауыртпайтын алты жайт

Қонақүй, мейрамхана, дүкен, клининг — нысандар әртүрлі, ал ауысымдық персоналға қатысты мәселе біреу.

Қонақүйлер

Шығатынын растады — келмеді. Топтың орналасуына бір сағат қалғанда.

Өтінім үнсіз ілініп қалмайды

Ауысым статусы алғашқы минуттан көрінеді: қанша адам шығуын растады, қанша орын әлі жиналуда. Өтінім жабылмаса, мұны кабинетте бірден көресіз — қонақтардан емес.

Мейрамханалар

Нысанға бұрын мұнда көрінбеген адам шығады.

Кім келетіні алдын ала белгілі

Ауысымға шықпай тұрып орындаушы тексеруден өтеді: жеке басы мен жұмысқа жіберілуі расталады. Ауысым картасында кім келетіні, оның класы және өткен ауысымдардағы бағалары көрінеді.

Клининг

Есепте сегіз сағат тұр, ал адам түскі астан кейін бірден кетіп қалған.

Болғанына төлейсіз

Келу мен кету нысанның өзінде белгіленеді. Адам айтарлықтай ерте кетсе, қандай көлемді қабылдайтыныңызды өзіңіз растайсыз — шотқа сол түседі.

Ритейл

Шын мәнінде қанша істегені есте қалғанмен және айтқан сөзбен саналады.

Сағаттарды қалпына келтірудің қажеті жоқ

Ауысым нақты көрінеді: кім жұмысқа кірісті және кім әлі нысанда. Сағаттар есептеліп қойған және есепте тұр.

Қоғамдық тамақтану желілері

Ай соңы: сағат, акті және шоттар бір апта бойы қолмен жиналады.

Құжаттар өздігінен жиналады

Жабу құжаттары кабинетте өзіңіз көрген сол ауысымдардан құралады. Қолмен теріп, салыстыратын ештеңе жоқ — Excel-ге жүктеп алуға болады.

Қоймалар мен логистика

Пик кезеңдерге деп штатта адамдар қор ретінде ұсталады. Тыныш аптада олар бос отырады.

Шығын тек шыққандар үшін

Негізгі құрам штатта қалады, ал пик кезеңдер ауысымдармен жабылады: шығын адам нысанға шынымен шыққанда ғана пайда болады.

Деңгей

Орындаушылардың төрт класы

Класс — платформадағы расталған тәжірибе мен тапсырыс берушілердің бағалары. Класты ауысым құрғанда таңдайсыз және сағат бағасын жарияламай тұрып көресіз — ауысым жасалғаннан кейін ол өзгермейді.

Бастапқы

Платформадағы жолын енді бастаған тексерілген орындаушы. Кеңес беретін адам бар бригададағы типтік жұмыстарға.

Тәжірибелі

Бірнеше ауысымды жақсы бағамен аяқтап үлгерген. Ұзақ түсіндірмей-ақ жұмысқа кіріседі.

Кәсіби

Тапсырыс берушілердің бағалары тұрақты жоғары. Жауапты учаскелерге және қызу маусымға.

Шебер

Баға бойынша үздіктер. Банкеттер, ашылулар, пик күндер — қателесуге болмайтын жердің бәрі.

Класс платформада істелген сағаттармен жиналады немесе платформа тексерісімен расталады, ал тапсырыс берушілердің бағалары оны ұстап тұрады: бағалар түссе, класс төмендейді. Бұл орындаушының өзін-өзі бағалауы емес.

Сұрақтар

Әдетте не сұрайды

Бұл қандай нысандар мен мамандықтарға келеді?
Жұмыс ауысыммен жүретін және жүктемеге қарай адам қосу керек жердің бәрінде: қонақүйлер мен апарт-кешендер, мейрамханалар, кафе және банкет алаңдары, дүкендер мен сауда орталықтары, клининг компаниялары, қоймалар және іс-шаралар. Мамандықтар — бөлме қызметшілері, даяшылар, аспаздар, ыдыс жуушылар, тазалаушылар, кір жуушылар, гардеробшылар. Керек мамандық тізімде жоқ па? Жазыңыз — сұраныс бойынша қосамыз.
Бұл кәдімгі кадр агенттігінен несімен ерекшеленеді?
Адамдарды бұрынғыдай агенттіктер жеткізеді — біз оларды алмастырмаймыз. Айырмашылығы мынада: өтінім, іріктеу, нысандағы белгілер, сағаттар және жабу құжаттары бір кабинетте тұрады — менеджермен хат алысып, бәрін өзіңіз жинаудың қажеті жоқ.
Адамдарды қаншалықты тез табасыздар? Ал ешкім шықпаса ше?
Кепілдік берілген мерзімді уәде етпейміз — көп нәрсе қалаға, мамандыққа және тәулік уақытына байланысты. Бірақ сіз менеджердің жауабын күтпейсіз: ауысым статусы бірден көрінеді, ал өтінім жабылмаса, мұны кейін емес, кабинеттен білесіз. Өтпей қалған ауысым үшін төлемейсіз.
Құжат бойынша не аламын?
Көрсетілген қызметтерге жабу құжаттары: кабинетте көрген сол сағаттардан жиналған акт пен шот. Сіздің тарапыңыздан қағаз жұмысы жоқ.
Сағаттардың шын екенін қайдан білемін?
Келу мен кету нысанның өзінде белгіленеді, кейін кері күнмен толтырылмайды. Мұны ауысым кезінде кабинеттен көресіз, ал даулы жағдайларды — мысалы, адам ерте кетсе — өзіңіз растайсыз: шотқа сіз қабылдаған көлем түседі.
Бұл қанша тұрады?
Таңдалған кластың сағат бағасын ауысымды жарияламай тұрып көресіз, ол жасалғаннан кейін өзгермейді. Сіздің мамандықтарыңыз бен нысаныңызға арналған мөлшерлемелерді сұранысқа жауап ретінде жібереміз.
Бастау үшін не керек?
Бізге WhatsApp арқылы жазсаңыз жеткілікті: нысанды қосамыз және кабинетті көрсетеміз. Тапсырыс берушіге қосымша қажет емес — бәрі компьютердегі браузерден көрінеді. Мобильді қосымшаны әзірге тікелей береміз, App Store мен Google Play-де ол кейінірек пайда болады.

Бір ауысымнан бастаңыз

Штатты қайта құрудың және ұзақ міндеттеме алудың қажеті жоқ. Бәрібір жабуға тура келетін ең жақын ауысымды алыңыз да, оның кабинетте қалай көрінетінін қараңыз.

WhatsApp-қа жазу